Бүгін, 10 қарашада, бүкіл әлем Дүниежүзілік жастар күнін атап өтеді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Мереке 1945 жылы 10 қарашада Лондонда өткен Жастардың дүниежүзілік конференциясында өмірге келді. Осы күні Дүниежүзілік демократиялық жастар федерациясы құрылды. Оның өкілдері мереке құрып, оны мәдени іс-шаралармен, ғылыми конференциялармен, көрмелермен және түрлі флеш-мобтармен тойлау туралы ұсыныс жасады.

Бүгін сондай-ақ әлемнің барлық есепшісі өз кәсіби мерекесін атап өтеді. 1494 жылы Лука Пачиоли Венецияда "Арифметика, геометрия және пропорция туралы мағлұматтар" атты кітабын шығарып, соның бір тарауын бухгалтерияға арнады. Осылайша Пачиоли "бухгалтерияның әкесі" атанды.

Сондай-ақ, бүгін – Ақ-қара түсті фильм көру күні. Мереке ашық түстер қолданылмайтын фильмдерді көруге арналған. Бұл күні "Рим каникулдары", "Алтын безгек", "Көктемнің он жеті сәті" секілді фильмдерді көруге болады. Немесе Чарли Чаплин мен Мэрилин Монроны еске түсіріңіз. Ақ-қара түсті кино – ешқашан сәннен шықпайтын классика.

10 қарашада әлемде болған тарихи оқиғалар

  • 011933 жылы Бунин әдебиет бойынша Нобель сыйлығының лауреаты атанды;
  • 021939 жылы АҚШ-та алғаш рет салқындатқышы бар автокөлік таныстырылды;
  • 031939 жылы Канада Германияға соғыс жариялады;
  • 041982 жылы "Наутилус Помпилиус" рок-тобы құрылды;
  • 051983 жылы алғашқы компьютерлік вирус жасалды.

10 қарашада Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

  • 011940 жылы кирилл графикасына негізделген жаңа қазақ әліпбиі жасалды;
  • 021991 жылы Алматыда Жоғарғы Кеңестің жетінші сессиясында Қазақ КСР-ін Қазақстан Республикасы деп атау туралы шешім қабылдады;
  • 031991 жылы Алматыдағы Республика сарайында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев республика халқына Ант берді;
  • 041991 жылы Нұрсұлтан Назарбаевтың "Алмас қорын құру туралы" Жарлығы жарық көрді;
  • 052004 жылы Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Қосағаш ауылында жаңа мешіт ашылды;
  • 062010 жылы Галина Гольдорфтың жетекшілігімен Қостанай музыкалық мектебінің "Илигай" балалар хоры бүкілресейлік "Волга жұлдыздары" байқауының Гран-при иегері атанды.

10 қарашада дүниеге келген танымал тұлғалар

  • 011483 жылы христиан теологы, Реформацияның бастамашысы, Библияны неміс тіліне аударғандардың бірі Мартин Лютер дүниеге келді. Протестанттық бағыттардың бірі оның атымен аталған;
  • 021801 жылы орыс ғалымы, жазушы және лексикограф, "Жанды орыс тілінің түсіндірме сөздігін" құрастырушы Владимир Даль дүниеге келді;
  • 031966 жылы Ресейдің театр және кино актері Камиль Ларин дүниеге келді. "Квартет И" комедиялық театрының негізін қалаушылардың бірі;
  • 041975 жылы ресейлік журналист, тележүргізуші және продюсер Тина Канделаки дүниеге келді.

10 қарашада Қазақстанда кім дүниеге келді

  • 011909 жылы сәулетші, сәулет өнері ғылымының профессоры, Қазақстанның еңбек сіңірген архитекторы Малбағар Меңдіқұлов дүниеге келді;
  • 021928 жылы жазушы Нұтфолла Шәкенов дүниеге келді;
  • 031952 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы болған Рахымбек Мамырбаев дүниеге келді;
  • 041956 жылы ҚР парламенті мәжілісінің депутаты болған Майра Айсина дүниеге келді.