Бүгін, 1 тамызда, әлемде және Қазақстанда бірнеше мереке атап өтіледі. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Техникалық қызмет көрсету мамандары күні
Бүгін техникалық қызмет көрсету мамандарының кәсіби мерекесі. Бұл күнді осы сала мамандары ғана емес, колл орталықтар мен қызмет көрсету саласында жұмыс істейтіндер де атап өтеді. Автоматтандыру, роботтану және компьютерлену заманында техникалық қызмет көрсету мамандарына сұраныс өте жоғары. Бұл жұмыс оңай болмаса да, өте қызықты. Осы күні колл орталық операторларын, инженерлер мен IT мамандарын құттықтауды ұмытпаңыз.
Дос күні
Сондай-ақ, бүгін кейбір елдерде Дос күні тойланады. Бұл мереке алғаш рет 1980 жылы Финляндияда аталып өтті. Алайда күнтізбеде ол 1996 жылы ғана пайда болды. Статистикаға сәйкес, Финляндияда сатып алынатын ашық хаттар саны бойынша бұл күн тіпті Рождестводан да асып түседі.
Ресейдегі мерекелер
Ресейде бүгін Арнайы байланыс қызметінің құрылған күні атап өтіледі. Бұл кәсіби мереке 1939 жылдың 1 тамызынан бастап тойланады.
Швейцариядағы мерекелер
Швейцарияда ең көне мерекелердің бірі – Конфедерациялар күні тойланады. 1994 жылдан бастап бұл күн ресми түрде демалыс күні болып жарияланған.
Еске алу күні
Сондай-ақ, бүгін Бірінші дүниежүзілік соғыс құрбандарын еске алу күні.
1 тамызда әлемде болған тарихи оқиғалар
- 011876 жылы Колорадо АҚШ-тың 38-ші штаты болды.
- 021927 жылы Қытайдың Ұлттық азат ету әскері құрылды.
- 031941 жылы алғашқы джип шығарылды.
- 041964 жылы "Маяк" мемлекеттік радиокомпаниясы алғаш рет тікелей эфирге шықты.
- 051957 жылы Израиль фунты қолданысқа енгізілді.
1 тамызда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар
- 011967 жылы Болат Аюханов Қазақстан өнері мен мәдениетінің тарихында ғана емес, бүкіл Кеңес Одағында алғашқы "Алматының жас балеті" хореографиялық миниатюрасының негізін қалап, оның жетекшісі, орындаушысы және концертмейстері атанды.
- 021991 жылы Көкшетауда Ақан серінің ескерткіші қойылды.
- 032008 жылы Петропавлда "Абылай ханның резиденциясы" музей-кешені ашылды.
- 042013 жылы Алматы қаласындағы АҚШ-тың бас консулдығы алғаш рет Қазақстан азаматтарына 5 жылға виза бере бастады. Қазақстан – Орталық Азияда мұндай виза түрін беруге құқық алған алғашқы мемлекет.
1 тамызда дүниеге келген танымал тұлғалар
- 011933 жылы танымал америкалық режиссер және актер Дом ДеЛуис дүниеге келді.
- 021944 жылы ұшқыш-ғарышкер, Кеңес Одағының батыры Юрий Викторович Романенко өмірге келді.
- 031931 жылы жеңіл атлет, Олимпиада ойындарының чемпионы Гарольд Коннолли дүниеге келді.
1 тамызда Қазақстанда кім туды
- 011930 жылы композитор, КСРО халық әртісі, ҚазКСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, профессор Еркеғали Рахмадиев өмірге келді.
- 021863 жылы саналы ғұмырын қазақ музыка аспаптарын дамытуға арнап, дәстүрлі көне музыка аспаптарын жетілдіру ісімен айналысқан, түрлі халықаралық деңгейдегі көрмелерге қатысқан қазақтың тұңғыш қолөнер шебері, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Қамар Қасымов дүниеге келді.
- 031958 жылы палуан, самбодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Алмас Мұсабеков дүниеге келді.
- 041961 жылы мемлекет және қоғам қайраткері, бұрынғы денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова дүниеге келді.
- 051978 жылы бұрынғы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова дүниеге келді.
