Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев жаңа Конституция күшіне енгеннен кейін жаңадан тағайындалатын басшыларды атады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Референдумда қабылданған Конституцияның 95-бабы бойынша екі айдың ішінде 6 органның басшысы тағайындалуы қажет. Олардың арасында ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы, бас прокурор, ұлттық банк басшысы, Жоғарғы сот төрағасы, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мен Жоғары сот кеңесінің төрағасы бар, деді Сәрсембаев Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында.
Ал Конституциялық сот төрағасы мен сот судьялары, сондай-ақ, Орталық сайлау комиссиясының төрағасы мен мүшелері Құрылтайдың бірінші сессиясы ашылғаннан кейін екі айдың ішінде тағайындалады. Министр Қазақстанның вице-президенті қай кезде тағайындалатынын да айтты.
