1 шілдеде халықаралық сәулетшілер күні атап өтіледі. Бұл мереке халықаралық сәулетшілер одағы кеңесінің бастамасымен 1986 жылдан бастап жыл сайын тойланады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Сондай-ақ, 1 шілдеде Канаданың ұлттық мейрамы – Канада күні болып бекітілген. 1867 жылдың наурызында ағылшын парламенті акт қабылдап, ол 1867 жылдың 1 шілдесінде күшіне енді. Осы құжат бойынша Канада өзін-өзі басқара алатын Ұлыбританияның доминионына айналды.
Ресейде бүгін экономикалық қылмыспен күресетін салық қызметкерлерінің күні мерекеленеді. Сонымен қатар, 1 шілде – күннен қорғайтын көзілдіріктің жасалған күні. Ғалымдардың айтуынша, алғашқы күннен қорғайтын көзілдірік XVI ғасырда жасалған, ал өткен ғасырдың 20 жылдары адамдар көзілдірікті жиі таға бастаған, себебі олар ыңғайлы етіп жасала бастады.
1 шілдеде әлемде болған тарихи оқиғалар
- 011875 жылы Халықаралық пошта одағы жұмысын бастады.
- 021877 жылы теннистен Уимблдон турнирі алғаш рет өткізілді.
- 031968 жылы ұлыбританиялық The Beatles тобының мүшесі Джон Леннонның алғашқы сурет көрмесі өтті.
- 041911 жылы поляк биохимигі Казимир Функ ағзаны сауықтыратын диетаға керекті химиялық заттарды сипаттау үшін алғаш рет "витамин" сөзін қолданды.
- 051979 жылы Sony компаниясы Walkman алғашқы таспалы аудиоплеерін таныстырды.
- 062000 жылы АҚШ-та қаржы құжаттарын электронды қолтаңбамен куәландыруға рұқсат етілді.
1 шілдеде Қазақстанда болған тарихи оқиғалар
- 011643 жылы қазақтар мен жоңғарлар арасында Орбұлақ шайқасы болды. Бұл шайқаста Жәңгір хан мен Жалаңтөс батыр бастаған қол батыр Қонтайшының әскерін жеңді.
- 021958 жылы "Қазақ темір жолы" құрылды. Ұзындығы 11 мың шақырымнан асқан темір жол 15 бөлімнен тұрып, Қазақстанды Сібір, Орал, Волга маңы, Қырғызстан және Орта Азиямен біріктіретін барлық магистральмен байланыстырды.
- 031968 жылы "Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты" құрылды. Кәсіпорынның негізгі мақсаты – тұтынушыларды электр энергиясымен, отынмен, дистилятпен және сумен жабдықтау.
- 041993 жылы Тұрар Рысқұлов атындағы республикалық қордың ашылу салтанаты өтті.
- 051994 жылы қазақ ғарышкері Талғат Мұсабаев "Мир" ғарыш стансасына аттанып, онда 176 тәулік болды.
- 061994 жылы Алматы қаласында Райымбек батыр кесенесінің ашылу салтанаты өтті.
- 071996 жылы Щучье қаласында Қазақстан қарулы күштері құрамына кіші командирлер кадрын дайындау мақсатында кадет корпусы ашылды. 2000 жылы оқу орнына Шоқан Уәлихановтың есімі берілді.
- 082005 жылы Қазақстан "Краков бастамасы" деген атпен белгілі жаппай қырып-жою қаруының таралуы саласындағы қауіпсіздік бастамасына қосылды.
- 092008 жылы Қазақстан президентінің №625 жарлығына сәйкес ҚР президенті жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңес құрылды.
- 102011 жылы Кеден одағы өз жұмысын бастады. Осы жылы Ресей, Беларусь және Қазақстан арасындағы ішкі шекараларда кеден бақылауы алынып тасталды.
- 112013 жылы Qazsport телеарнасы ашылды.
1 шілдеде дүниеге келген танымал тұлғалар
- 011804 жылы француз жазушысы Жорж Санд (Аврора Дюпен) дүниеге келді.
- 021961 жылы Уэльс ханзадасының бұрынғы әйелі Диана ханшайым дүниеге келді.
- 031967 жылы канадалық фотомодель, әртіс Памела Андерсон дүниеге келді. Ол "Малибу құтқарушылары" фильмі арқылы танылды.
- 041972 жылы ағылшын әртісі Клэр Форлани дүниеге келді.
- 051977 жылы АҚШ кино әртісі Лив Тайлер дүниеге келді. Ол "Невероятный Халк", "Робот және Фрэнк" фильмдеріне түскен.
1 шілдеде Қазақстанда туған тұлғалар
- 011883 жылы ақын, аудармашы, ағартушы, педагог Бекет Өтетілеуов дүниеге келді.
- 021911 жылы Қазақстанда құқықтық білім беру мен заң ғылымын дамытуды алғашқы ұйымдастырушылардың бірі, заң ғылымының кандидаты, доцент, заңгер-ғалым Тайыр Күлтелеев дүниеге келді.
- 031937 жылы мемлекеттік және саяси қайраткер Асқар Құлыбаев дүниеге келді.
