Бүгін, 1 қыркүйекте, көптеген елде Білім күні атап өтіледі. Оқушылар, студенттер, мұғалімдер мен оқытушылар үшін жаңа оқу жылы басталады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Сонымен қатар, бұл күні Өзбекстанда Тәуелсіздік күні, Кабардино-Балкарияда республика күні, ал Словакияда Конституция күні тойланады.
1 қыркүйекте болған тарихи оқиғалар
- 011492 жылы Русь патшалығында жыл басы 1 наурыздан 1 қыркүйекке ауыстырылды.
- 021715 жылы Франция королі Людовик XIV қайтыс болды. Ол Францияны 72 жылдан астам басқарған ең ұзақ билік еткен монархтардың бірі болды.
- 031939 жылы Екінші дүниежүзілік соғыс басталды.
- 041951 жылы Лондонда әлемдегі тұңғыш супермаркет ашылды.
- 051964 жылы эфирге алғаш рет «Спокойной ночи, малыши» телебағдарламасы шықты.
- 061969 жылы Ливияда Муаммар Каддафи бастаған әскери төңкеріс болып, король Идрис биліктен тайдырылды.
- 071985 жылы ғалымдар «Титаник» кемесінің апат болған орнын Атлант мұхитының түбінен тапты.
- 081997 жылы жаңа субатомдық бөлшектер – «экзотикалық мезондар» табылды.
1 қыркүйекте Қазақстанда болған тарихи оқиғалар
- 011923 жылы Қостанай қаласында «Ауыл» (қазіргі «Қостанай таңы») газетінің алғашқы саны жарық көрді. Алғашқы ұйымдастырушы әрі редактор – Мұхамеджан Сералин, жауапты шығарушы – Бейімбет Майлин.
- 021950 жылы Мұхтар Әуезов Қазақ мемлекеттік университетінде «Абайтану» пәнін енгізді.
- 031965 жылы «Қазақстан-Семей» телеарнасы құрылды. 1 қыркүйекте Семей телестудиясының алғашқы ресми хабары эфирге шықты.
- 042000 жылы Түркі халықтарының Алматы мәдениет қоры құрылып, оның демеушілігімен «Түрік дүниесі» газетінің бірінші саны жарыққа шықты.
- 052001 жылы Қазақстан мен Мысыр республикасы арасындағы екі жақты келісімшарт негізінде Нұр-Мүбәрәк Египет Ислам мәдениеті университеті құрылды.
- 062006 жылы Астанада Бейбітшілік және келісім сарайының ашылу салтанаты өтті.
1 қыркүйекте дүниеге келген танымал тұлғалар
- 011875 жылы Тарзан туралы кітаптарымен танымал жазушы Райс Берроуз дүниеге келді.
- 021923 жылы америкалық кәсіпқой боксшы, ауыр салмақтағы әлем чемпионы Рокки Марчиано дүниеге келді.
- 031949 жылы Фидель Кастроның үлкен ұлы, Кубаның Мемлекеттік кеңесінің ғылым жөніндегі кеңесшісі, Куба ғылымдар академиясы президентінің орынбасары Фидель Кастро Диас-Баларт дүниеге келді.
- 041958 жылы ресейлік театр және кино актері Сергей Гармаш («Стиляги», «Белая гвардия», «Ленинград 46») дүниеге келді.
- 051962 жылы нидерландтық футболшы, жаттықтырушы және 1987 жылғы «Алтын доп» иегері Рууд Гуллит дүниеге келді.
- 061967 жылы америкалық актер және режиссер Томас Джейн дүниеге келді.
- 071970 жылы америкалық актер Падрейг Паркинсон дүниеге келді.
1 қыркүйекте Қазақстанда кім туды
- 011910 жылы ғалым, биология ғылымдарының докторы, профессор Ізбасар Шағыров дүниеге келді.
- 021921 жылы ғалым, геология-минерология ғылымдарының докторы Мағауия Ермеков дүниеге келді.
- 031928 жылы ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Хасенхан Талғаров дүниеге келді.
- 041930 жылы қазақ жазушысы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Көкей (Көпжасар) Сақабаев дүниеге келді.
- 051930 жылы қазақ фантаст-жазушысы Талап Сұлтанбеков дүниеге келді. Ол Алматы облысының Ақсу ауданында туған.
- 061948 жылы саясат және мемлекет қайраткері, Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының бұрынғы әкімі, экс-депутат, «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бақтықожа Ізмұхамбетов дүниеге келді.
