1 қазанда әлемде бірнеше халықаралық мереке аталып өтеді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Халықаралық кофе күні

1 қазан күні бүкіл әлемдегі кофе құмарлар өздерінің сүйікті сусыны – Халықаралық кофе күнін атап өтеді. Халықаралық кофе қауымдастығы мерекені 2014 жылы ресми түрде бекітті. Мереке Еуропаның көптеген қаласында тойланады. Жергілікті дәмханалар мен мейрамханалар қонақтарға түпнұсқа кофе мәзірін дайындайды. Сонымен қатар, қызықты шеберлік сағаттары, көрмелер, концерттер мен кофе дәмін татуға мүмкіндік беретін марафон өткізіледі. Кофе базарлары ашылып, онда бүкіл әлемнен әкелінген үздік кофе дәндері сатылады. Мұнда әр түрлі рецеппен дайындалған кофені ішіп көруге болады. Мереке қонақтары үздік бар қызметкерлерінің жарысын тамашалап, олардан кофені кәсіби тұрғыда дайындаудан сабақ алады.

Жапонияда Саке күні

Жапонияда алкогольді сусын – Саке күні аталып өтеді. Шарап жасайтын елдер үшін күз – жүзім жинайтын уақыт. Алайда Жапонияда жағдай біршама басқаша, мұнда ең танымал ыстық сусынға негізгі шикізат ретінде күріш пайдаланылады. Бүгінгі мерекенің Nihon-shu-no Hi деп аталуы тегін емес, бұл сөз жапон шарабы күні деген мағынаны білдіреді. Мереке 1978 жылы Жапон шарап жасаушылар кәсіподағының орталық жиналысында белгіленді. Елде қазан айының басында күріш алқаптары жаңа өнім береді, тиісінше, жаңа шарап жылы басталады.

Халықаралық музыка күні

Бүгін әлемде Халықаралық музыка күні аталып өтеді. Ол әншілер мен музыканттар, композиторлар, музыка мұғалімдері және консерватория оқытушылары, музыкалық оқу орындарында білім алатын студенттер үшін мереке саналады, алайда қарапайым музыка сүйер қауым да тойласа болады.

Халықаралық қарттар күні және Тәуелсіздік күндері

1 қазанда сондай-ақ БҰҰ Бас Ассамблеясының 1990 жылғы желтоқсандағы № 45/106 қарары негізінде Халықаралық қарттар күні аталып өтеді. Бұл күні Кипр, Палау, Тувалу және Нигерия елдері Тәуелсіздік күнін тойлайды.

Әлемдегі тарихи оқиғалар

1 қазанда әлемде болған тарихи оқиғалар:

  • 011847 жылы Siemens AG компаниясы құрылды;
  • 021869 жылы Австрияда мөртабан басылған әлемдегі алғашқы пошта ашықхаты шығарылды;
  • 031904 жылы Кругобайкалка теміржолында пойыз жүре бастады;
  • 041931 жылы С.Орджоникидзе атындағы Харьков трактор зауытында алғашқы трактор жасалды;
  • 051946 жылы Нюрнберг процесі бойынша нацистік Германияның басты әскери қылмыскерлеріне үкім шығарылды;
  • 061949 жылы Мао Цзэдун Бейжіңдегі Тяньаньмэнь алаңында Қытай Халық Республикасының құрылғанын жариялады;
  • 071958 жылы АҚШ-та NASA ресми түрде жұмысын бастады;
  • 081960 жылы Нигерия Ұлыбританиядан тәуелсіздік алды;
  • 091967 жылы түрлі-түсті бейнедегі телевизиялық бағдарламалар таратыла бастады;
  • 101969 жылы дыбыстан жылдам ұшатын "Конкорд" ұшағы дыбыс тосқауылынан алғаш рет өтті;
  • 111981 жылы Швецияда Еуропа бойынша алғаш рет ұялы байланыс желісі жұмыс істей бастады.

Қазақстандағы тарихи оқиғалар

1 қазанда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар:

  • 011718 жылы Семей қаласының негізі қаланды;
  • 021893 жылы Верный қаласында (Алматы) облыстық сот және тұтынушылар қоғамы ашылды;
  • 031921 жылы Орынборда Қазақ радиосы алғаш рет эфирге шықты;
  • 041922 жылы Көкшетау-Бурабай теміржол учаскесі пайдалануға берілді;
  • 051945 жылы Теміртау қаласы жеке әкімшілік бірлік ретінде қалыптасты;
  • 061971 жылы Павлодар есеп-экономика техникумы ашылды;
  • 071996 жылы Алматыда алғаш рет "Айналайын" халықаралық балалар шығармашылығы фестивалі өтті.

1 қазанда дүниеге келген танымал тұлғалар

  • 011903 жылы әлемге әйгілі америкалық пианист Владимир Горовиц дүниеге келді;
  • 021912 жылы танымал тұлғалар Анна Ахметова мен Николай Гумилевтің ұлы Лев Гумилев дүниеге келді. Кеңестік тарихшы-этнолог, археолог, шығыстанушы, жазушы, аудармашы;
  • 031924 жылы АҚШ-тың 39-президенті, Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты Джимми Картер дүниеге келді;
  • 041927 жылы кеңестік театр режиссері, актер және педагог Олег Ефремов дүниеге келді ("Три тополя на Плющихе", "Гори, гори, моя звезда", "Айболит-66" фильмдері);
  • 051935 жылы британдық актриса және әнші Джули Эндрюс дүниеге келді. Ол "Мэри Поппинс" және "Звуки музыки" фильмдеріндегі рөлдерімен әлемге танылды;
  • 061947 жылы Venus әнінің арқасында танымал болған голландиялық Shoking Blue тобының әншісі Маришка Вереш дүниеге келді;
  • 071951 жылы кеңестік театр және кино актрисасы Нина Усатова дүниеге келді ("Холодное лето 53-го", "Женская собственность", "Вот моя деревня" фильмдері).

1 қазанда Қазақстанда дүниеге келген тұлғалар

  • 011909 жылы қоғам қайраткері, ғалым, экономика ғылымдарының докторы, Қазақ КСР Ғылым академиясының профессоры, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Ш.Уәлиханов сыйлығының лауреаты, Ұлы Отан соғысына қатысушы Сақтаған Бәйішев дүниеге келді;
  • 021918 жылы қазақстандық ұшқыш, екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Сергей Луганский дүниеге келді;
  • 031930 жылы жазушы Көкей Сақабайұлы дүниеге келді;
  • 041941 жылы дипломат, Қазақстанның бұрынғы сыртқы істер министрі Төлеутай Сүлейменов дүниеге келді;
  • 051962 жылы Жамбыл облысының экс-әкімі Асқар Мырзахметов дүниеге келді.